ХжЭ кафедрасы білім беру үдерісі мен ғылымға қосқан үлесі бойынша университетте жетекшілердің бірі болып табылады.
Кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетін қазіргі уақытта: 1 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 7 PhD докторы, 9 техникалық және жаратылыстану ғылымдарының магистрлері құрайды. Өз біліктілігі бойынша кафедра бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға тартылған барлық оқытушылар, дайындық бейініне сәйкес келеді және ғылыми-педагогикалық біліктіліктің жоғары деңгейіне ие. Кафедраның ғылыми дәрежелілігі - 65 %-дан асады.
Білім алушылардың негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында коммуникабельділік, көшбасшылық, жауапкершілік, командада жұмыс істей білу, ақпаратты талдау, әртүрлі өндірістік жағдайларда шешімдер қабылдау сияқты университеттің оқу процесіне жүйелі негізде оқытудың белсенді түрлері енгізіледі. Сабақтарды өткізудің дәстүрлі әдістерімен қатар қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге негізделген инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолданылады. Кафедраның ПОҚ ЖАОК (жалпы ашық онлайн курстар) және СБР (сандық білім беру ресурстарын) жасауға белсене қатысады.
Кафедраның ПОҚ ҚР БҒМ және университеттің ОӘБ ұсынған оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуге белсенді қатысады. Соңғы он жылда ҚР БҒМ және ОӘБ грифімен 100-ден астам оқулықтар мен оқу құралдары шығарылды.
Кафедраның алдыңғы қатарлы оқытушылары жұмыс берушілермен біріге отырып білім беру бағдарламасын, оның модульдігін жетілдіруге, оқытудың мақсаты мен нәтижелерін қалыптастыруда белсене атсалысады, білім беру платформасында жүктеледі (atu.hero.study).
ХжЭ кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі өте жоғары. Кафедра ПОҚ-ның 80%-дан астамы жоғары рейтингті журналдарда жарияланымдарға ие. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері элективті пәндерді әзірлеу арқылы оқу процесіне енгізіледі. Кафедраның жетекші профессорларының жетекшілігімен ҚР ҒжЖБМ қаржыландырылатын ғылыми жұмыс және бастама ҒЗЖ орындалады.
АТУ, профессорлық-оқытушылар құрамына бекітілген жоспарға сәйкес, білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру мақсатында үнемі семинарлар мен тренингтер өткізеді, ақпарат atu.hero.study платформасында орналастырылған. Университетте оқытушылардың біліктілігін арттыруды үйлестіретін БАжКҚВИ бар, жыл сайын кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу курстары мен семинарлардан өтіп, растайтын сертификаттар алады.
Университетте профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің академиялық адалдығы мен академиялық еркіндігін сақтау үшін барлық қажетті шаралар сақталады. АТУ-да тәртіптілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия және тәрбие жөніндегі кеңес, сонымен қатар құрамына институт және департамент басшылары, заң мамандары, тәжірибелі оқытушылар, университет қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіретін университет ішілік бақылау комиссиясы құрылған. «АТУ оқытушысы мен қызметкерінің академиялық адалдығы мен корпоративті мәдениетінің кодексін» сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Барлық оқу корпустарында және жатақханаларда сенім телефондары ілінген және ұсыныстар жәшігі қойылған, университте ректор блогы ашылған http://blog.atu.kz/
Жоғары педагогикалық шеберлілігі, ғылыми нәтижелеріне және іске адал болғаны үшін көптеген оқытушыларға АТУ басшылығының және басқа да қоғамдық ұйымдардың («Нұр Отан», «Парасат», «Алматы қаласы әкімдігі» т.б.) құрмет грамоталары мен дипломдары берілді.
Басты бет Білім беру бағдарламалары Кафедраның түлектері Профессорлік-оқытушылық құрамы Тәжірибе және жұмысқа орналастыру Халықаралық ынтымақтастық Ғылыми қызметі Жетістіктер Материалдық-техникалық база







